Жаңа норма: Балалар көркем гимнастикаға 5 жастан, боксқа 12 жастан қабылданады

«Спорт түріне байланысты балалардың жаттығуға жіберілетін ең төменгі жасы бекітіледі. Бұл жерде біз қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаға сүйенеміз. Оның ішінде, «Спорттық резервті дайындау бойынша оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорттық мекемелерде спорт түрлері бойынша спортшылардың жасын бекіту туралы» бұйрықты негізге аламыз», – деді Дәурен Абаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.
Министрдің дерегінше, көркем гимнастикаға 5 жастан, ал боксқа 12 жастан бастап баруға болады.
«Әрине, мұндағы басты мақсатымыз – балалардың денсаулығын қорғау», – деді ол.
kyzylorda-news.kz
Пікір 1