Спорт мектептері мен колледж қызметкерлерінің айлығын өсіру 2023 жылы аяқталады

– Сала қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыдан қолдау бойынша бірқатар шаралар қабылдануда. 2020 жылдан бастап мамандандырылған мектептер мен колледж қызметкерлерінің еңбекақысы жыл сайын 25 пайызға өсіп келеді. 2023 жылы бұл көрсеткіш 100%-ды құрайды. Дене шынықтыру мұғалімдеріне сабақтан тыс спорттық үйірмелерді жүргізгені үшін 100% көлемінде базалық қызметтік жалақы төленеді, – деді министр.
Айтуынша, бұл шара республика бойынша 26 мың дене шынықтыру мұғалімін қамтып отыр.
– 2025 жылға дейін 3,5 мың негізгі елді мекеннің бәрі штаттағы спорттық нұсқаушымен қамтамасыз етіледі. 2021 жылдың қорытындысы бойынша, ауылдық жердегі нұсқаушылар саны 1 232-ден 3 065 адамға өскен, – деді Дәурен Абаев.
syrboyi.kz