Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЧ: Аргентина Хорватия құрамасын жеңді

ӘЧ: Аргентина Хорватия құрамасын жеңді

Аргентина құрамасы Хорватияны 3:0 есебімен жеңіп, Катарда өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шабуылшы Лионель Месси 34-минутта пенальтиде есеп ашты. Месси үшін бұл гол оның мансабындағы әлем чемпионаттарындағы 11-ші голы болды. Ол Габриэль Батистутаны басып озып, турнирде гол соғу бойынша ұлттық құраманың жаңа рекордын орнатты.

2022 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентина құрамасы сәрсенбі, 14 желтоқсанда өтетін Франция – Марокко кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.

Катардағы турнирдің финалы 18 желтоқсанда Лусаил стадионында өтеді. Үшінші орын үшін матч 17 желтоқсанда Халифа Аренада өтеді.
14 желтоқсан 2022 ж. 1 766 0