ӘЧ-2022: Марокко құрамасы Португалияны жеңді
![](/uploads/posts/2022-12/medium/1670733629_4.jpg)
Ойындағы жалғыз голды 42-минутта марокколық шабуылшы Юсеф Эн-Несири соқты.
Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду алаңға 51-минутта Рубен Невестің орнына шықты. Бұл матч Роналду үшін ұлттық құрамадағы мансабындағы 196-шы ойыны болды.
Қосалқы уақытта марокколық шабуылшы Валид Шеддира екі минут ішінде екі сары қағаз алды.
Марокко құрамасы өз тарихында алғаш рет әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.