ITF JUNIORS турнирінде Заңғар топ жарды

Тартысты өткен ойында қазақ баласы 6:4, 3:6, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Айта кету керек, Заңғар бұндай жетістікке алғаш қол жеткізіп жүр. Ол өткен жылды Tennis Europe рейтингісінде үздік ондықтың ішінде аяқтап, ұзақ уақыт бойы чемпиондық кестеде көш бастаған болатын. Былтыр желтоқсаннан бері Заңғар жоғары санатқа ауысып, қазір ITF Juniors турнирлерінде өнер көрсетіп келеді.
"Толқын" ақпарат