Жәнібек Әлімханұлы канадалық боксшымен жұдырықтасады

Бокс кеші Калифорниядағы (АҚШ) "Стонтон Аренада" өтеді. Жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған. Отандасымыз өз атағын екінші рет қорғайтын болады.
"Ресми! Чемпиондық титулды екінші рет те сәтті қорғап, қазақ абыройын асқақтату бұйырсын! Әумин! "– деп жазды боксшы instagram парақшасына.
Айта кетейік, Жәнібек алғаш рет чемпиондық атағын өткен жылдың қараша айында британдық боксшы Дензел Бентлиге (17-2-1, 14 КО) қарсы жекпе-жекте сәтті қорғап шыққан еді.