Аралда әйелдер күресінен жасөспірім қыздар арасында ашық біріншілік бастау алды
Кеше Арал қаласындағы Орталық стадионда әйелдер күресінен жасөспірім қыздар арасында қалааралық ашық біріншілік бастау алды.
Аталмыш турнир Арал ауданының 95 жылдығы және Ұлы Жеңіс күні мерекесіне орай ұйымдастырылды.
Шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары К. Бержанов қатысып: -«Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту – салауатты өмір салтын қалыптастырудың негізгі шарты болып табылады. Жас балуандардың спорттық шеберлігін шыңдай түсу, өзара қарым-қатынасын нығайту үшін ұйымдастырылған жарыста бірнеше қаладан келген спортшылар белдесетін болады. Барлық қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілеймін.
Бағы мен бабы келіскен спортшылардың жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспін.»-деп ізгі лебізін білдірді.
Қалааралық біріншілікте 11 қаладан келген спортшы қыздар боз кілемде бақ сынауда.
"Толқын" ақпарат