Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АРАЛДА ӘУЕСҚОЙЛАР ФУТБОЛ ЛИГАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

АРАЛДА ӘУЕСҚОЙЛАР ФУТБОЛ ЛИГАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Кеше Арал қаласындағы орталық стадионда әуесқойлар футбол лигасы бастау алды.
Аталмыш футбол лигасының ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары К.Бержанов қатысып, жарыстың маңыздылығына тоқталып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Сонымен бірге Қызылорда облысының әуесқойлар футбол лигасының директоры Е.Жантуғанов, Арал ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы С. Жанназарова, аудандық әуесқойлар футбол лигасының директоры Е.Кемалов сөз алып, бабы мен бағы келіскен команданың жеңмпаз атануына тілектестіктерін білдірді.

Ауданда алғаш рет ұйымдастырылған әуесқойлар арасындағы футбол бәсекесіне 11 команда қатысып бақ сынауда. Оның 7-еуі Арал қаласының, 4-еуі елді мекендердің атынан сынға түспек.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, Арал қаласындағы мөлтек аудандар және елді мекен жастарын достық қарым-қатынасқа, бірлікке шақыру, спортқа баулу мақсатында жалауын көтерген жарыс 2023 жылдың 5 маусымына дейін жалғасатын болады.
02 сәуір 2023 ж. 224 0