Бокстан ӘЧ: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады?
Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатының 7-ші күні 4 боксшымыз өнер көрсетеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Күндізгі сессияда (15:00) 51 келі салмақта Сәкен Бибосынов — Дипак Кумар (Үндістан) жұдырықтасады.
57 келі салмақ дәредесінде (5-жұп) Серік Теміржанов — Ролан Вереш (Венгрия) жекпе-жек өткізеді.
75 келі салмақта (12-жұп) Нұрқанат Райыс — Дельгадо де лос Сантос (Доминикан) шаршы алаңға шығады.
Кешкі сессияда (19:00) +92 келі салмақ дәрежесінде 10-жұп рингке щығады. Солардың бірі Қамшыбек Қоңқабаев — Мохаммед Млайес жұбы.