Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бокстан ӘЧ: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады?

Бокстан ӘЧ: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады?

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының бесінші жарыс күні ел құрамасынан үш боксшы рингке шығады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елорда уақытымен 14:00-де басталатын күндізгі сессияда Серік Теміржанов (57 келі) 1/16 финалда Мали елінен келген Абдул Карим Батилимен кездеседі.

Бұл А рингінде сол күні өтетін алғашқы жекпе-жек болып табылады.

Ал 19:00-де басталатын кешкі сессияда Нұрбек Оралбай (80 келі) турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде әзербайжандық Мұрад Аллахвердиевпен А рингінде алтыншы жұпта қолғап түйістіреді.

Аталған рингте тоғызыншы жұпта Айбек Оралбай (92 келі) әлем чемпионатындағы екінші жекпе-жегінде италиялық Азиз Аббес Мухийдинмен кездеседі.

Ол алғашқы жекпе-жегінде болгариялық Радослав Панталеевті жеңген еді.

Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасынан Талғат Сырымбетов (60 келі) пен Санатәли Төлтаев (63,5 келі) жарыс жолынан шығып қалса, Қамшыбек Қоңқабаев жарысты жалғастыруда.
05 мамыр 2023 ж. 375 0