Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеке ұшағымен апатқа ұшыраған футболшының денесі табылды

Жеке ұшағымен апатқа ұшыраған футболшының денесі табылды

Ла-Манш бұғазында апатқа ұшыраған ұшақ сынықтарының арасынан футболшы Эмилиано Саланың денесі табылды. Бұл туралы eurosport.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
7 ақпан күні құтқарушылар су түбінен адамның денесін шығарған. 63 метр тереңде жатқан футболшының денесі 4 ақпан күні табылған. Бірақ судан 7 ақпанда ғана шығарып алуға мүмкін болыпты.
Еске сала кетсек, 21 қаңтар күні Сала "Нант" клубындағы бұрынғы серіктестерімен қоштасып, жеке ұшағымен Уэльске жол тартқан.
Алайда, қонуға бір сағат қалғанда спортшының әуе лайнері радардан жоғалып кеткен. Оны іздеуге бірнеше құтқару корабльдері мен екі тікұшақ жіберілді.
Кейінірек ұшақтың апат болғаны хабарланып, футболшының заттары теңіз бетінен табылған болатын.
kaz.nur.kz
10 ақпан 2019 ж. 1 373 0