Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Азия ойындары: жеңіл атлетикадан қоржынға алғашқы жүлде түсті

Азия ойындары: жеңіл атлетикадан қоржынға алғашқы жүлде түсті

Қазақстан спортшысы Каролин Чепкоеч Кипкируи 10 шақырымға жүгіруден Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында қола жүлдеге қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.

Аталған қашықтықта бахрейндік Виола Джепчумба Килонзо Мотосио (31:43.73) чемпион атанып, жапониялық Ририка Хиронака (31:50.74) екінші орын алды. Қазақстан спортшысы белгіленген қашықтықты 33:15.83 секундта жүгіріп өтіп, қола жүлдеге қол жеткізді.

Солайша үздік үштіктің қатарынан табылған Каролин Чепкоеч Кипкируи жеңіл атлетикадан Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде салды.
30 қыркүйек 2023 ж. 655 0