Қазақстанда каратэден әлем чемпионаты өтеді
Биыл қарашаның 24-26 күндері аралығында Алматы қаласы «Sadu ARENA» спорт кешенінде киокушин-кан каратэден әлем чемпионаты бастау алады. Аталған ауқымды жоба ката және кумитэ бөлімдері бойынша өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі инстаграм арнасында мәлім еткендей, кумитэ бөлімі бойынша келесі санаттағы спортшылар қатыса алады:
Ерлер (55; 60; 65; 70; 75; 80; 85; +85)
Әйелдер (50; 55; 60; 65; +65)
Жастар 16-17 жас (55; 60; 65; 70; 75; +75)
Жас қыздар 16-17 жас (50; 55; 60; +60)
Жасөспірімдер 14-15 жас (40; 45; 47,5; 50; 52,5; 55; 57,5; 60; 65; +65)
Жасөспірім қыздар 14-15 жас (45; 50; 55; +55)
Ұлдар 12-13 жас (30; 35; 37,5; 40; 42,5; 45; 47,5; 50; 55; +55)
Қыздар 12-13 жас (35; 40; 45; 50; +50)
Ардагерлер 36-40 жас (75; +75)
Ардагерлер 41-45 жас (75; +75)
Ардагерлер 45-50 жас (75; +75)
Ардагерлер +50 жас (75; +75).
Сайыс кумите және ката бөлімдері – KIKO ережелері бойынша өткізіледі.
3-ші орын үшін жекпе-жек болмайды, яғни екі үшінші орын болады.
«Барлық қосымша ақпаратты wchamp2023@gmail.com почтасы арқылы біле аласыздар», делінген аталған баспасөз хабарламасында.