Абат Айымбетов ресми түрде түркиялық клубқа ауысты
Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Астана» футбол клубының шабуылшысы Абат Айымбетов мансабын Түркия чемпионатында жалғастырады. Ол енді «Адана Демирспор» футбол клубында өнер көрсетеді, деп жазады Egemen.kz.
«Біздің Абат мансабын Түркия чемпионатында жалғастырады. Ұлттық құраманың шабуылшысы Абат Айымбетов «Адана Демирспор» командасының ойыншысы атанды. Қос тарап 1.5+1 жүйесі бойынша келісімшартқа қол қойды. Сәттілік серік болсын, Абат», делінген Қазақстан футбол федерациясының хабарламасында.
Түркиялық «Адана Демирспор» 2023-2024 футбол маусымында кестеде 20 команданың ішінде әзірге 8-орынға жайғасқан. Енді Абат Айымбетов Марио Балотелли, Нани сынды танымал футболшылармен бір клубта доп тебеді.
Абат түркиялық клубта «Миланның» экс-ойыншысы, сенегалдық М’Бая Ньянганың орнын басады.
Айта кетейік, Абат кейінгі ел чемпионатында «Астана» сапында 45 матч өткізіп, 10 гол соққан. 3 нәтижелі паспен көзге түскен.

Фото: kaz.inform.kz