Сенсация. Қазақстан футболдан Дания құрамасын жеңді

Ұлттық құрама матч басында 0:2 есебімен жеңіліп жатты. Бірінші таймда құрама ойыны жүрмей, даниялық шабуылшысы Хейлуннан екі гол жіберді. Дегенмен, Адиев шәкірттері матч соңында мінез көрсетіп 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды.
Ұлттық құрама сапынан гол соққандар: Бахтиер Зайнутдинов, Асхат Тағыберген, Абат Айымбетов.