Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттар лигасы. Қазақстан Албаниямен тең түсті

Ұлттар лигасы. Қазақстан Албаниямен тең түсті

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының 3-турында Албания құрамасына қарсы ойнап, 0:0 есебімен тең түсті. Алматыдағы кездесуден кейін С лигасының 4-тобында Қазақстан 1-орынды, Албания 2-орынды сақтап қалды. Екі құрамада да 4 ұпай бар.
Матчтың бірінші таймында екі команданың да қауіпті шабуылдары болды. Албания бұрыштамаларының бірінде Қазақстан шабуылшысы Абат Айымбетов допты қалауынша қабылдай алмай өз қақпасының маңдайшасына тигізіп, автогол соға жаздады.
Ал Қазақстан құрамасы 6 соққы жасап, оның біреуі қақпаға тура бағытталды.
Екінші таймда албаниялықтар ойынға белсене кірісті. Қауіпті шабуылдардың бірінде албаниялық шабуылшы Манаж қақпашымен бірге бір шығып, қақпадан алға шығып кеткен Покатиловтың үстінен асыра салды. Осы сәтте қазақстандық қорғаушы Ерланов бос қақпаға құлдилап бара жатқан допты дер кезінде алаң сыртына теуіп жіберді.
Кездесудің 87 минутында Сефери қауіпті соққы жасады, бірақ Покатилов сенімді ойнап, сейв жасады. Ойын 0:0 есебімен аяқталды.
Еске салайық, Қазақстан құрамасын осыған дейін Литва құрамасын қонақта 0:2 есебімен жеңіп, Беларусь құрамасынан 1:2 есебімен жеңілген еді. Қазақстан турнирдегі келесі кездесуін 15 қазанда (Нұр-Сұлтан уақытымен 00:45-те) қонақта Беларусь құрамасына қарсы өткізеді. Ал Албания 14 қазанда (сағ. 22:00) өз алаңында Литваны қабылдайды.
Ұлттар лигасы. С лигасы. 4-топ
Қазақстан Албания 0:0
Қазақстан: Покатилов (қ), Быстров, Марочкин (Бейсебеков, 46), Ерланов, Керімжанов, Сүйімбаев (к), Тағыберген, Қуат (Перцух, 69), Әбікен, Зайнутдинов (Жақсылықов, 86), Айымбетов (Федин, 69).
Албания: Бериша (қ)(к), Дермаку, Джимсити, Кумбулья, Весели, Баре, Броя, Абраши (Сефери, 86), Каллаку, Траши (Мемолла, 82), Манаж.
11.10.2020, Қазақстан, Алматы, Орталық стадион
12 қазан 2020 ж. 879 0