Геннадий Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы болды

Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің кезектен тыс Бас Ассамблеясының отырысында мәлім болды.
Федерациялар ҰОК президенті лауазымына Геннадий Геннадиевич Головкиннің кандидатурасын ұсынды, – делінген комитеттің ҰОК Бас Ассамблеясының мүшелеріне жолдаған ресми хатта.
Осыған дейін бұл лауазымға Геннадий Головкиннің кандидатурасын ұсынылғаны айтылған еді.
Бұған дейін аталмыш лауазымды Тимур Құлыбаев атқарып келген болатын.
Фото: kaz.tengrinews.kz