Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин-Альварес қарымта кездесуінің билеттері сатылымға шықты

Головкин-Альварес қарымта кездесуінің билеттері сатылымға шықты

Танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен  мексикалық Сауль Альварес Канело арасында өтетін екінші жекпе-жектің  билеттері сатылымға шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Sport.inform.kz-ке сілтеп.

Бүкіл әлем күткен айқастың билет құны 566-дан 52 000 долларға дейін өзгереді.
Естеріңізге сала кетейік, қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен мексикалық спортшы Сауль Альварес Канелоның қарымта кездесуі ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді. Сондай-ақ, Головкиннің бұл реваншта 40 миллионнан астам доллар табатыны хабарланды.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық кәбіпқой боксшы Геннадий Головкиннің «Канелоны» тізе бүктіргеннен кейін, тағы кімдермен жекпе-жекке шығатыны туралы хабарлаған болатынбыз.

Stan.kz
23 шілде 2018 ж. 1 260 0