Елдос Сметов Олимпиададағы жеңісінен кейін әлемдік рейтингіде жоғарылады

Осыған дейін Е.Сметов 22-орында болса, жаңартылған рейтингіде бірден 17 сатыға жоғары көтерілді.
Тайбэйлік Ян Юнвэй көш бастаса, Париждегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, франциялық Лука Мхеидзе екінші, грузиялық Георгий Сардалашвили үшінші, испаниялық Франсиско Гарригос төртінші орында.
Елдос Сметов Олимпиада ойындарында алғашқы бестікке кірген Ян Юнвейді ширек финалда, Франсиско Гарригосты жартылай финалда, Лука Мхеидзені соңғы бәсекеде тізе бүктірді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елдос Сметовке жерлестері Lexus 600 көлігі мен 5 бөлмелі пәтер сыйлағанын жазған едік.
Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: ernur.kz