Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі
![](/uploads/posts/2024-09/1727694324_8.jpg)
Отандасымыздың жекпе-жегін Qazsport телеарнасы Астана уақытымен сағат 15:00-де тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы WBO және IBF бойынша орта салмақтағы әлем титулдарының иегері, бірақ Андрей Михайловичпен жекпе-жекте тек IBF белбеуін қорғайды.
Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы мен Андрей Михайлович шілде айында жұдырықтасуы тиіс еді. Алайда Жәнібек Әлімханұлы салмақ қуу кезінде өзін нашар сезініп, ауруханаға түскен.
Сурет: ашық дереккөзден