София Ақтаева әлем кубогы кезеңінде алтын алды
Қазақстандық семсерлесуші София Ақтаева Фуджейрада (БАӘ) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды massaget.kz сайты. София финалда Қытай елінің спортшысы Чжихэ Темен кездесті. Шайқасқа толы болған сайыста отандасымыз 15:13 есебімен жеңіске жетті. 
Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен 52 спортшы қатысты.
Сурет: massaget.kz






		
		



