Анастасия Городко Туриндегі 2025 жылғы Универсиаданың екі дүркін чемпионы атанды
Үш қазақстандық спортшы бірдей жартылай финалда жеңіске жетіп, Италияның Турин қаласында өтіп жатқан Қысқы универсиаданың "алтыны" үшін таласты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фристайл-могулдан үш дүркін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Анастасия Городко қарсыласын жеңіп, алтын медаль иеленді. Ал Аяулым Әміренова Универсиаданың күміс жүлдегері атанды.
Антон Бондаревқа да күміс медаль бұйырды.
Анастасия Городко Туриндегі 2025 жылғы Универсиаданың екі дүркін чемпионы атанды.
14 қаңтарда да 19 жастағы қазақстандық фристайлшы Анастасия Городко Италияның Турин қаласында өтіп жатқан ХХ II Қысқы универсиаданың жеңімпазы атанған. Оған могулдан пара-пар келетін спортшы табылмады.
Сурет: kaz.zakon.kz