Головкин әлемдегі ең үздік 10 боксшының бірі атанды
Отандасымыз рейтингте 9-шы орында тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еске салайық, Геннадий Головкин әуесқой боксшылар арасында 2003 жылғы әлем чемпионы. 2004 жылы Афины Олимпиадасында күміс алған, 2004 жылы әлем чемпионатында жеңімпаз атанған.
Кәсіпқой бокста IBF, WBA, WBC және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы болған.
1bol.kz-тің ақпаратына сүйенсек, рейтингті жариялаған британдық Givemesport порталында: «Геннадий Головкин орта салмақта жылдар бойы үстемдік құрған боксшы. Ол шабуылдап қана қоймай, қарсыластың ауыр соққыларын міз бақпай қабылдап, сондай-ақ еш қиындықсыз өткізіп жіберетін шеберлігімен танылды», деп жазылған.
Әлемнің ең мықты 10 боксшысы:
1. Джордж Луис Чувало (73-18, 64 KO)
2. Джордж Форман (76-5, 68 KO)
3. Марвин Хаглер (62-3, 52 KO)
4. Мұхаммед Әли (56-5, 37 KO)
5. Майк Тайсон (50-7, 44 KO)
6. Сауль «Канело» Альварес (62-2, 39 KO)
7. Ларри Холмс (69-6, 44 KO)
8. Эвандер Холифилд (44-10, 29 KO)
9. Геннадий Головкин (42-2, 37 KO)
10. Панчо Вилья (77-4, 22 KO)
Фото: egemen.kz