Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин қазіргі заманның ТОП-15 боксшысы рейтингіне енді

Головкин қазіргі заманның ТОП-15 боксшысы рейтингіне енді

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) Businessinsider.com нұсқасы бойынша қазіргі заманның ТОП-15 боксшысы тізіміне енді, - деп хабарлайды vesti.kz.
  Рейтинг боксшы жеңістерінің сапасы, жетістіктері мен талант деңгейін есептеу арқылы жасалған. Тізімде Головкин тоғызыншы орында тұр. Ал көш басында - Головкиннің басты қарсыласы, төрт салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Сауль Альварес. Үздік үштікке украиналық боксшылар Василий Ломаченко мен Александр Усик кірген.
  Businessinsider.com нұсқасы бойынша қазіргі заманның ТОП-15 үздік боксшысы:
1. Сауль Альварес
2. Василий Ломаченко
3. Александр Усик
4. Наоя Иноуэ
5. Теренс Кроуфорд
6. Эррол Спенс
7. Мэнни Пакьяо
8. Хуан Франсиско Эстрада
9. Геннадий Головкин
10. Джош Тейлор
11. Деонтей Уайлдер
11. Тайсон Фьюри
13. Джермалл Чарло
14. Джервонта Дэвис
15. Ваенхонг Менайотин.

26 желтоқсан 2019 ж. 685 0