Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Головкин P4P рейтингінде ең табысты боксшылар қатарында тұр

Головкин P4P рейтингінде ең табысты боксшылар қатарында тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал Forbes журналының сайты pound-for-pound ең табысты боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.
Қазақстандық орта салмақтағы боксшы, бірнеше әлем чемпионы титулдарының иегері Геннадий Головкин мен оның мексикалық қарсыласы Сауль «Канело» Альварес өз орындарын сақтап қалды. Альварес ТОП-15-те көш бастап тұрса, Головкин алғашқы үштікті тұйықтап тұр. «Альварес жақында допинг-сынамадан оң нәтиже көрсеткеніне қарамастан, 5 мамырдағы рематчта Головкинді жеңсе, бұл тізімде бірінші орында қалады. Бірақ, шынын айтқанда «Канелоның» қоғамдағы орны кленбутерол табылғаннан кейін әлсіреді. Golden Boy Promotions мәлім еткендей, бұл дәрі-дәрмек мексикалық еттің құрамында болған. Егер Альварес GGG-ді жеңген күннің өзінде көптеген адамдар оған күдікпен қарауы мүмкін», - деп жазылған Альварес туралы жарияланымда. Бұл материалда Геннадийге қатысты былай делінген: «Канеломен» алғашқы кездесуде жалпы 27,06 миллион доллар түскеннен кейін, табысы бойынша тарихтағы үшінші боксшы атанды. Егер Головкин Альваресті екінші айқаста жеңсе, оның табысы одан да көп болады», - деп атап өткен басылымның авторы Джош Катцовитц.
Толық рейтинг мынадай:
1 (1). Сауль Альварес
2 (2). Энтони Джошуа
3 (3). Геннадий Головкин
4 (4). Василий Ломаченко
5 (6). Эррол Спенс
6 (5). Теренс Кроуфорд
7 (8). Деонтей Уайлдер
8 (9). Сергей Ковалев
9 (7). Дэниэл Джейкобс
10 (11). Майки Гарсия
11 (15). Срисакет Сор Рунгвисаи
12 (10). Кит Турман
13 (13). Джермелл Чарло
14 (14). Джермалл Чарло
15 (12). Мэнни Пакьяо
inform.kz
12 наурыз 2018 ж. 125 0