Қазақстандық гимнаст Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан құрамасының өкілі Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Сингапурда өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.Қазақстандық гимнаст таспамен жаттығудың финалында жеңіске жетті.
Ал Айым Мейіржанова ұршықпен жаттығуда үшінші орынға көтерілді.
Айта кетейік, Айбота Ертайқызы жекелей көпсайыста да үшінші нәтиже көрсеткен болатын.
Фото: massaget.kz










