Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ КАРЬЕРАСЫН АЯҚТАДЫ

ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ КАРЬЕРАСЫН АЯҚТАДЫ

«Ювентус» қорғаушысы, жасыл алаңдағы кәрі тарландардың бірі Андреа Бардзальи футболшылық мансабын аяқтайтынын хабарлады.
Жасыл алаңнан кеткеннен кейін немен айналысатынын әлі шешпеген. Дегенмен бапкерлікке ден қоюы әбден мүмкін. Осы маусымда ол «Ювентус» сапында алты рет ғана алаңға шықты.
Ол кәсіби мансабын 1998 жылы бастаған. «Болашағым туралы көп ойландым. Алдағы айларда барлық нұсқаларды қарастырамын. Мүмкін менеджер, мүмкін бапкер немесе сарапшы болып кетермін. Ең алдымен өзіме не керек екенін түсініп алуым керек» дейді футболшы. 37 жастағы ойыншы осы уақытқа дейін «Ювентуспен» Италия чемпионатын жеті рет жеңіп алған. Сондай-ақ «Палермо», «Кьево», «Асколи» секілді клубтардың да намысын қорғаған.
2008-2011 жылдары «Вольфсбург» сапында да ойнап, Германия чемпионы атанды. 2004-2017 жылдары Италия құрамасы сапында 73 рет алаңға шығып, 2006 жылы әлем чемпионы атанды.
Абай Қазбекұлы
14 сәуір 2019 ж. 1 024 0