Жүзуден Әділбек Мусин Қазақстан рекордын жаңартты

50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу сайысында жерлесіміз 23.33 секунд көрсеткішін тіркеп, Қазақстанның рекордын жаңартты. Осы нәтиженің арқасында ол 18-орынға тұрақтады.
Жартылай финалға тек 16 спортшы өтеді. Егер өзге жүзушілер белгілі бір себеппен жарысты жалғастырмайтын болса, Әділбек оның орнын алмастырады.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы