Қазақ самбошылары әлем чемпионатында 7 жүлде жеңіп алды
Қазақстан құрамасы Сингапурда өткен жағажай самбосынан V әлем чемпионатында табысты өнер көрсетті. Спортшыларымыз жалпы есепте 1 алтын, 1 күміс және 5 қола медаль иеленді. Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.Жүлдегерлер тізімі:
Маргарита Бажаева (-50 кг) – алтын медаль;
Асқар Еспусинов (-58 кг) – күміс медаль;
Жандос Бейсенбаев (-71 кг) – қола медаль;
Болат Сапар (-88 кг) – қола медаль;
Айнұр Төребай (-59 кг) – қола медаль;
Арайлым Әбенова (-72 кг) – қола медаль;
Қазақстан құрамасы (командалық сайыс) – қола медаль.
Биылғы додаға 20 елден спортшылар қатысып, тартысты бәсеке өрбіді.
Фото: baq.kz










