Елена Рыбакина Қытайда Олимпиада чемпионын жеңді
Кездесу Рыбакинаның пайдасына 6:3, 6:4 есебімен аяқталды. Теннисшілер кортта 1 сағат 16 минут ойнады. Осы уақыт ішінде Рыбакина 11 эйс жасап, екі қателікке жол берді және 5 брейк-пойнттың 2-еуін сәтті пайдаланды. Жексенбіде, ақтық ойында Елена Рыбакина жұптық разрядта Андрей Рублёвпен бірге кортқа шығады. Олардың қарсыластары - Швёнтек пен Вашеро.
Теннистен Әлемдік континентік кубок биыл алғаш рет өтіп жатыр. Турнир алғаш рет Шэньчжэньде ұйымдастырылып отыр. Қазақстандық теннисші бұл көрме жарысында әлем құрамасының сапында ойнап жатыр. Онымен бірге командада ресейлік Андрей Рублёв, сондай-ақ қытайлық ойыншылар Чжан Чжичжэнь және Ван Синьюй бар.
Әлем құрамасына Еуропа құрамасы қарсылас болып тұр. Бұл командада Белинда Бенчичтен бөлек, польшалық Ига Швёнтек, италиялық Флавио Коболли және Монако өкілі Валентен Вашеро өнер көрсетеді.
massaget.kz









