Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин "Канело" - Джейкобс жекпе-жегін не үшін тамашалағанын түсіндірді

Головкин "Канело" - Джейкобс жекпе-жегін не үшін тамашалағанын түсіндірді

Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен америкалық Дэниэл Джейкобс арасында өткен жекпе-жекті не үшін тамашалағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.  Оның бұрынғы қарсыластарының жекпе-жегі 4 мамырда Лас-Вегаста өтіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен Альварес жеңісімен аяқталды. Мексикалық боксшы WBC және WBA белбеулерін қорғап, қарсыласынан IBF белбеуін тартып алды. "Мен "Канелоны" немесе Джейкобсты көру үшін келгенім жоқ. Мен қайтадан осы атмосфераны сезініп, оны сезінгім келді, бокс және бокстың жанында жүрген жандардың көздері жанғанын көргім келеді. Мен бірнеше рет болған үлкен шараның атмосферасын сезіну керек болды. Бұл мақсатқа жету жолындағы мотивация беретін қажетті шара деп қабылдаған дұрыс" ,- деді Головкин ресми YouTube-каналында жариялаған видеода. Головкин келесі кездесуін 8 маусымда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында канадалық Стив Роллсқа қарсы өткізеді. Бұл жекпе-жек қазақстандық үшін жаңа бапкер Джонатан Бэнкстің жетекшілігімен және DAZN платформасы аясында дебюттік болады.
https://kaz.tengrinews.kz
11 мамыр 2019 ж. 725 0