Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Америкалық файтер қарсыласын ерекше әдіспен нокаутқа түсірді

Америкалық файтер қарсыласын ерекше әдіспен нокаутқа түсірді

Америкалық ММА файтері Рэймонд Дэниэлс Бирмингемде (Ұлыбритания) өткен Bellator турнирінде қарсыласы Уилкер Баррушты әдемі тәсілмен нокаутқа түсірдіДэниэлс 720 градус - екі айналып, қарсыласының басынан соққы жасады. Барруш мұндай соққыны күтпеді, осылайша, нокаутқа түсті. Промоушеннің ресми аккаунты мұны жыл нокауты деп атап үлгерді. Бұл Дэниэлстің ММА-дағы екінші жекпе-жегі және карьерасындағы бірінші жеңісі. Ал Барруш алғаш жұдырықтасып, жеңілді.
https://kaz.tengrinews.kz
13 мамыр 2019 ж. 461 0