Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Назым Қызайбай Қытайдағы Әлем кубогының жеңімпазы атанды

Назым Қызайбай Қытайдағы Әлем кубогының жеңімпазы атанды

Фото: Қазақстан ҰОК
Қазақстандық боксшы, үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай Әлем кубогының алтын жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
3 дүркін әлем чемпионы, 54 келіге көтерілген Назым Қызайбай финалда Сирине Чараабимен (Италия, Әлем чемпионатының 2 мәрте жүлдегері) өзара үздікті анықтады. 
Отандасымыз 3 раундта да басым болып, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Назым Қызайбай 2025 жылы Астанада өткен Әлем кубогында 48 келіде топ жарған болатын.
Отандасымыздың жарыстағы жолы:
½ финал.
Натнича Чонгпронгкланг — 3:2
¼ финал.
Виктория Рогалинска (Польша) — 5:0
1/8 финал. 
Им Э Джи (Париж Олимпиадасының қола жүлдегері) — 4:1
Бұдан бұрын Әлем кубогында қазақстандық боксшылар финалда кімдермен кездесетінін жазғанбыз.

syrboyi.kz
22 маусым 2026 ж. 37 0