Құрылтай
Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Футболдан келесі әлем чемпионатының жеңімпазы кім болуы мүмкін?

Футболдан келесі әлем чемпионатының жеңімпазы кім болуы мүмкін?

ESPN порталы 2030 жылғы футболдан әлем чемпионатында жеңіске жетуге басты үміткер саналатын ұлттық құрамалардың рейтингін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Тізімді жасауға басылымның 19 журналисі қатысқан. Олардың әрқайсы өздерінің үздік 15 құрамадан тұратын рейтингін жасаған.

Бірінші орынға болашақ әлем чемпионы болады деген команданы орналастырса, 15-орынға турнирде тосынсый жасауы мүмкін, бірақ әзірге басты фавориттердің қатарына кірмейтін құрама енгізілген.

ESPN рейтингі:

Испания (15 журналист бірінші орынға қойған);
Франция (төрт журналист бірінші орынға қойған);
Англия;
Португалия;
Бразилия;
Марокко;
Аргентина;
Германия;
Норвегия;
Нидерланд;
Бельгия;
Италия;
Колумбия;
Жапония;
Мексика.
Айта кетейік, қазір Испания құрамасы - әлем және Еуропа чемпионы. Олар 2026 жылғы әлем чемпионатында топ жарса, оған дейін Еуро-2024 турнирінде де жеңіске жеткен болатын.

Сондықтан, ESPN сарапшыларының пікірінше, Испания - 2030 жылғы әлем чемпионатында да басты фаворит.

Фото: ​massaget.kz​​​
31 шілде 2026 ж. 53 0