Пауэрлифтер зілтемірді көтеру кезінде аяғын сындырып алды

Кейін Радашкевич жарақаты жайлы айтып берді. 20 жастағы спортшының сөзінше, ол сәтті өнер көрсететіне сенімді болған. Бірақ ауырсынуға мән бермеген. "Сіңір байламдары ауырсынып тұр деп ойладым. Ауырсынуды басатын дәрі ішіп алып, жаттығуды жалғастырдым", - деді ол. Спортшы алған жарақатынан кейін, жаттығуға қайтадан оралатынына сенімсіз. Оның айтуынша, сауығу үшін оған жарты жыл керек. Айта кетейік, ол Ұлттық ашық кубоктің пауэрлифтинг, сығымдап көтеру мен зілтемірді күшпен тарту түрлерінен жеңімпаз, сондай-ақ Азия ашық кубогінің жеңімпазы.