Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел чемпионаты. Финалға жолдама алған командалар белгілі болды

Ел чемпионаты. Финалға жолдама алған командалар белгілі болды

«Құлагер», «Нарын», «Әулие ата» және «Жекебатыр» командалары бүгін финалға шығу үшін тартысты ойын көрсетті.

Әуелі алаңға Түркістан облысының «Құлагер» командасы мен Атырау облысының «Нарын» командасы шықты. А тобы мен В тобының көшбасшылары өзра мықтыны анықтаған сайыста «Құлагер» қамшы салдырмас мықты екенін танытты.
Ойынның алғашқы бөлігінде-ақ, есепті 1:0-мен бастаған түркістандықтар, ойын соңына дейін атыраулықтарға бірде-бір салым салғызбады. Керісінше өздері тағы да 4 салым салып, есепті 5:0-ге бірақ жеткізді.
Салым салғандар:
«Нарын» - 0
«Құлагер»: Бақтыбай Шырынқұлов – 1 салым, Темірхан Айтбаев – 2 салым, Әбуғали Әбдіжаппаров – 1 салым, Бәйдібек Сабыров – 1 салым.
Сонымен, финал үшін тартыстағы алғашқы ойында «Құлагер» командасы басым түсті.
Финал үшін тартыста екінші ойын «Әулие ата» мен «Жекебатыр» командалары арасында өтті.
Жамбыл облысының командасы алаң иелері екенін танытып, ойын тізгінін өз қолдарына алды. Дегенмен Ақмола облысы құрамасы да есе жібермеуге тырысты. Ойынның алғашқы айналымында есепті 7:1-ге жеткізген қос команда 10 минуттық үзілістен соң ұпай санын еселей түсті. Ойын аяқталғанда есеп 16:2-ге бір-ақ шырқаған болатын.
Салым салғандар:
«Жекебатыр»: Манас Мұхамедқали – 1 салым, Кенжебек Еслямов – 1 салым.
«Әулие ата»: Манатбек Дүйсенбиев – 1 салым, Ернат Мәлімбай – 1 салым, Жұлдызхан Тайырбеков – 2 салым, Құлажан Тоғайбаев – 1 салым, Болатбек Әлімбетов – 1 салым, Ернар Жарылқасын – 2 салым, Ислам Рәт – 1 салым, Жантөре Әбдәлі – 1 салым, Құрманбек Тұрғанбек – 4 салым. 
Ойын соңындағы қорытынды бойынша 26 күні өтетін финалдық ойында Түркістан облысының «Құлагер» командасымен сайысқа түсетін Жамбыл облысының «Әулие ата» командасы екені анықталды.
«Құлагер» де, «Әулие ата» да осал команда емес. Нағыз «сен тұр, мен атайын» - «мен салым салам, сен алып кел» дейтіннің өзі. 26 мамыр күні өтетін финалда көрермен қауым нағыз тартысты доданы тамашалайтын болады.
24 мамыр 2019 ж. 1 063 0