Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Жарайсың, елің сені мақтан тұтады": Тоқаев Головкиннің жеңісі туралы

"Жарайсың, елің сені мақтан тұтады": Тоқаев Головкиннің жеңісі туралы

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Геннадий Головкинді кезекті жеңісімен құттықтады,

Мемлекет басшысы қазақстандық боксшыны twitter желісі арқылы жеңісімен құттықтады. 
"Еліміздің мақтанышы – Геннадий Головкин кезекті сенімді жеңісімен қазақстандықтарды қуантып, тағы да өзінің жігерлі рухы мен шеберлігін көрсетті! Жарайсың, Гена! Қазақстандықтар қашан да сені мақтан етеді! Жеңіс құтты болсын!" - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 
Естеріңізге сала кетсек, Геннадий Головкин Стив Роллсты 4-раундта нокаутпен жеңді. Аталған жекпе-жек Нью-Йорк қаласының Madison Square Garden  аренасындағы басты кездесу болды. Сондай-ақ, желіде жекпе-жек видеосының жарияланғаны туралы хабарлаған едік.
09 маусым 2019 ж. 1 019 0