Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Орнынан тұра алмай қалды: Головкин қарсыласын небәрі 4-раундта сұлатып түсірді

Орнынан тұра алмай қалды: Головкин қарсыласын небәрі 4-раундта сұлатып түсірді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қарсыласы Стив Роллсты небәрі төртінші раундта сұлатып түсірді,

Бокс кеші Қазақстан уақытымен 9 маусым күні сағат 09:00-де басталды. Жекпе-жек Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өткен болатын. Бұл Геннадий Головкин үшін DAZN-мен үш жылдық келісімшарттың бірінші айқасы болды. Сондай-ақ, қазақстандық спортшы жаңа жаттықтырушысы Джонатан Бэнкспен бірге алғаш рет шықты. 
Кештің андеркартында жұдырықтасқан Әли Ахмедов те қарсыласын ойсырата ұтты. 
Головкин үшін бұл кәсіби рингтегі 41-ші жекпе-жегі. Жекпе-жектің 38-ін спортшы жеңіспен аяқтады. Оның 34-і нокаутпен аяқталды. Сауль Альвареспен жекпе-жегінің бірі теңдей, бірі жеңіліспен аяқталды.
Ал Роллс үшін бұл оның 20-шы айқасы болады. Бұрынғы 19 жекпе-жегінің бәрінде жеңіске жеткен. Он айқасты мерзімінен бұрын аяқтаған.
http://stan.kz
09 маусым 2019 ж. 544 0