Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкиннің соңғы жекпе-жегінен алған табысы белгілі болды

Головкиннің соңғы жекпе-жегінен алған табысы белгілі болды

ESPN журналисі Дэн Рафаэль орта салмақтағы әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкиннің табыс көзін жариялады

Головкин мен Стив Роллстың жекпе-жегінің табыс қаражаты белгілі болды. 
Головкиннің кепілдік қаламақысы 2 млн долларға келісілген. Алайда қазақстандық спортшының жалпы табысы 15 миллион доллар. Ал, Роллс 300 мың доллар көлемінде табыс тапты. 
Айта кетейік, жекпе-жек Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтті. Головкин 4-раундта қарсыласын нокаутпен сұлатып түсірді. Бұл оның DAZN сервисімен жасасқан келісімі бойынша алғашқы жекпе-жегі әрі жеңісі.
11 маусым 2019 ж. 633 0