Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қабырғаммен кеңесіп алайын": Отандық чемпион жігіттердің ұсақталып кеткенін айтты

"Қабырғаммен кеңесіп алайын": Отандық чемпион жігіттердің ұсақталып кеткенін айтты

Кикбоксингтен Азия және Еуропаның екі дүркін чемпионы Елмұрат Қайыпжанов "Уақыт көрсетеді" атты Youtube бағдарламасында кезінде көк базарда жүк тасыған танымал әншілердің қазір "жұлдыз болып кеткені" туралы және оларға өкпесі бар екенін де жасырмай айтты. Сонымен қатар, ар-ұяттан безіп, ұсақталған жігіттер жайлы өз ойын білдірді,

"Қазір қоғам бұзылып кетті. Бірақ бәріне топырақ шашуға болмайды. Жақсы, текті азаматтарымыз да бар. Кейбір інілеріміз "қабырғаммен ақылдасып алайын" деп жатады. Бұрынғы ата-бабамыз уәзірі мен биімен, досымен ақылдасқан. Қазір шынында да ұсақталып кеттік", - деп әңгімесін жігіттерге өкпе-назын айтудан бастаған чемпион ұсақталудың басты себебін де түсіндірді. Айтуынша, қазір төртеудің бас қосылса, біреуді жамандап, бір-бірінің кемшілігін іздейді - майдаланудың басты себебі осы.
"Барлығы айналып келген де тәрбиеге байланысты. Жұлдыз ауруы деген спорттағы жігіттерде де кездеседі. Бір-екі жекпе-жек өткізеді де өзін батыр сезінеді. Оларға батыр болу үшін алдымен үлкенді сыйла, еңбек ет, халқыңа қызмет ет деп айтамын. Сонда ғана сені халқың батыр дейді", - деп жастарға жиі ақыл айтып жүретінін жасырмады. 
"Ninty one" тобының алып келген жаңа ағымына тоқтау салып жүрген Тоқтар Серіков қана. Аға буын неге тоқтау салмайды?" - деген жүргізушінің сұрағына:
"Сіз айтып отырған Тоқтар Серіков нағыз азамат. 90-жылдары Мейрамбек Беспаев, Мақсат Базарбаев барлығымыз бірге жүріп, жұмыс істедік. Барлығымыз Көк базарда жүк тасып, қант түсірдік.  Олар сол жұмыспен бірге оқуына барды. Біз спортта жүрдік. Тоқырау жылдары ешкім ешқандай жұмыс таңдаған жоқ", - деп арыдан бастап жауап берді.
"Бұл жердегі айтпағым, қиын кезеңде бірге істедім деген азаматтар қазір телефонға жауап бермейді. Мейрамбек, Сәкені бар, тағы біреуі Мақсат Базарбаев, баяғыда қант түсіріп жүргенін жұлдыз болып  ұмытып кеткен. "Жаман атқа жал бітсе, жанына жан жуытпас" дегеннің кебі", - деп қазір өзін танымай кеткен жұлдыздарға өкпесін білдірді. 
"Әншілерге қарным ашады. Өздеріне тойға шығу бағасын қойып алған. Сонда бай адамдар 7 000 долларға оларды сатып алып үйіне қоя ма? Бұл ұят емес пе? Құны 7 000 доллар ма сонда? Қазыбек бабамыз мына дүниеде ар-ұяттың қымбаттығын баса айтып кеткен. Ал мыналарда ар-ұят бар ма? Менің бағам мынадай, анадай дегенше халық не береді соны алмай ма? Халықтың батасын алып кетсең сол емес пе ақша?!", - деп әншілердің аспандаған бағасына да көңілі толмайтынын жеткізді.
17 маусым 2019 ж. 1 125 0