Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Спортпен өмір сүр. Жеңіл атлетикамен айналысатындарға Ольга Рыпаковадан практикалық кеңес

Спортпен өмір сүр. Жеңіл атлетикамен айналысатындарға Ольга Рыпаковадан практикалық кеңес

"Спортпен өмір сүр" жобасының кезекті шығарылымы жеңіл атлетикаға арналады. Жеңіл атлетиканың өз ішінде бірнеше түрі бар. Соның арқасында өзіңізге арналған жаттығу үлгісін таңдауға болады. Бұл дисциплина бұқаралық спорт түрі, бірақ түрлі техникалық қиындыққа байланысты оның өз нюанстары бар. Бұл спорт түрінде үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова сарапшы болмақ.Бұл спорттың табиғаты қандай? "Негізі бұл өте көне спорт. Қазіргі уақытта спорт ханшайымы саналады. Оны бұқаралық әрі көпсалалы спортқа жатқызса да болады. Жеңіл атлетиканың Олимпиада бағдарламасында 47 дисциплинасы бар: 24 ерлер және 23 әйелдер дисциплинасы. Олар да өз ішінде бірнеше түрге бөлінеді және онымен әуесқой спортшылар да айналыса алады. Біздің елде жеңіл атлетканың дициплиналары дамып келеді. Қазір халық белсенді айналыса бастады. Қазақстанда түрлі жарыс, кросс, жартылай марафон, марафондар ұйымдастырылады. Мұның барлығы жеңіл атлетикаға жатады", – дейді Рыпакова. Адам ағзасына әсері Жеңіл атлетика адам ағзасына оң әсер етеді. Бірақ жеңіл атлетика түріне байланысты оның әсері әр адамға әртүрлі нәтиже беруі мүмкін. Ескеру керек, әуесқой және кәсіби жеңіл атлектика екі түрлі нәрсе. Әуесқойлар көбіне жүгіру, жүріс сияқты бұқаралық спорттарды таңдайды. Жеңіл атлеткамен айналысатын спортшының шыдамдылығы берік, жылдамдығы жоғары, денесі иілгіш, координациясы мықты болады. Бұл спорттың ағзаға пайдасының барлығын тізіп шығу қиын. Жүгірумен айналысатындардың ағзасында зат алмасуы, қан айналымы жақсарады, серотонин немесе бақыт гормоны бөлінеді, көңіл-күйі әрдайым жақсы жүреді, депрессияның қандай да бір белгілері жойылады.
Жүгіргенде жүрек-қан тамырлары жүйесіне үлкен салмақ түседі. Егер ағза дұрыс жұмыс істесе, иммунитет артады. Жүгіру жақпайтын (ұнаймайтын, дәрігерлер тыйым салған) адамдарға жүріспен айналысуға болады. Бұл спорт балалардан бастап егде кісілерге дейін кез келген жасқа жарай береді. Жүрісте бұлшықет тонусы артып, сүйек тіні беки түседі, зат алмасу процесі жақсарады. Одан қалды бұл ең қауіпсіз спорт саналады. Кәсіби жеңіл атлетика жайлы айтар болсақ, ескеретін нәрсе көп. Оның құрамына түрлі техникалық спорттар кіреді. Олар ағзаға өзінше әсер етеді. Бұлшықеттерге салмақ әртүрлі түседі. Әркім өзіне қолайлысын таңдаған жөн. Жарақат алу қаупі Жеңіл атлетикадағы әуесқой жаттығудың еш қаупі жоқ. Егер жаттығуға дұрыс назар аударылса, жарақат алу ықтималдығы төмен. Дегенмен жарақаттан түбегейлі сақтана алмаймыз, тегіс емес түрлі аймақта аяқты қайырып алып, бұлшықетті зақымдап алу қаупі бар. Кәсіби спорттағы жағдай өте күрделі. Мұнда қайта қалпына келу процесіне барынша назар аудару керек. Бұлшықетті жыртып алмай, жіті күтіну керек. Медициналық рұқсат Спортқа бет бұрған барлық спортшы медициналық тексерістен өтуі тиіс. Дәрігер адам ағзасы мен мүмкіндігін сараптап, қай спорттың тиімді, қай спорттың тиімсіз екенін айтады. Көп спорттағыдай мұндағы басты мәселе – жүрек-қан тамырлары жүйесі. Егер онда қандай да бір кінәрат болса, спорт денсаулыққа пайдалы болуы да мүмкін немесе кері әсер етуі мүмкін. Барлық тексеріс пен шешім жеке-жеке қарауды талап етеді.
Жеңіл атлетика тек жазғы спорт түрі ме? Негізі жеңіл атлетика жазғы спорт. Жарыстар көбіне ашық стадиондарда өтеді. Бірақ қыста да жаттығу жасауға болады. Бұл уақытта жарыстар жабық алаңдарда, манеждерде ұйымдастырылады. Әуесқойлар үшін, әрине, жазда жаттыққан ыңғайлы. Жаттығуды бастау үшін қайда бару керек? Жеңіл атлетика секцияларына балаларды спорт мектептердің базасында қабылдайды. Қазақстанның әр облысында осындай секциялар бар. Әуесқойларға арнайы клубтар қарастырылған. Киім мен аксессуар Жеңіл атлеттердің киімінде еш қиындық жоқ. Бірінші кезекте ыңғайлы аяқ-киім, спорт киімі керек. Киімді ауа-райына қарай ауыстырып кия керек, ал аяқ-киім арнайы жүгіруге арналған болуы тиіс. Спорт дүкендерінде оның түр-түрі бар. Сондықтан керекгін таңдап алу қиын емес. Спорт киімі қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмеуі тиіс. Салауатты өмір салтын ұстанатындардың қолданатын аксессуарлары көбейіп жатыр: смартфон, сағат, пульсометр. Оның барлығы спортшыға денсаулық жағдайын қадағалап отыруға көмектеседі. Мен кәсіби спортшы ретінде барлық аксессуарды қолданамын деп айта алмаймын.
Спортпен айналысамын деген адамға артық заттың қажеті жоқ. Ынта мен жаттығуға деген жігер болса болғаны. Жеңіл атлетикамен айналысу қаншалықты қымбат? Жеңіл атлетканың тағы бір оңтайлы тұсы – ол көп қаражатты талап етпейді. Әрі кетсе киімге ғана ақша кетер. Әуесқой клубтарды білмеймін, бірақ балалар мектебінде жаттығулар тегін. Жаттықтырушы Спорт мектептердегі әр секцияда жаттығуларды жоғары оқу орнын бітірген, кәсіби мамандар жүргізеді. Олар кәсіби білігін уақыт өте арттырып, Қазақстанға келген шетелдік мамандардың тәжірибесін үйренеді. Әуесқой клубтарда белгілі сомаға жеке бағдарлама жасалып, оның орындалуын қадағалап отырады. Қайда жаттығуға болады?
Әуесқой жеңіл атлетикаға стадион, түрлі саябақтар, жағалаулар жарай береді. Жүріп, жүгіргенге ыңғайлы болса болғаны. Қазір көшеде жүгіруге арналған арнайы жолақтар да көп. Нәтиже қашан сезіле бастайды? Мұнда барлығы адамның спорты мен физикалық жағдайына байланысты. Адамның спортқа қандай дайындықпен келгенін, қандай жаттықтырушы дайындайтынын ескеру керек. Нәтиже де адамның дайындығы мен ынтасына байланысты. Кәсіби спортта ең табысты нәтижеге 23 жастан кейін жетіуге болады. Кейбірі одан бұрын жетістікке жетіп жатады. 23-тен кейін спортшы толысып, бабына келген кәсіби спортшы бола бастайды. Жарыстар Қазақстанда қазіргі уақытта әуесқойларға арналған жарыстар көп. Өзіңді жартылай марафонда, толық марафонда сынап көруге болады. Түрлі бұқаралық жарыста әуесқойлар жақсы нәтиже көрсетіп қоймай, спорттық разрядтарды да орындап жатады. Жаттығуды қай жастан бастау керек? Мен жеңіл атлетикаға бала кезден баулыған дұрыс деп кеңес беремін. Нақтырақ айтсам, 8-9 жастан бастау керек. Секциялар баланы дәл осы жаста қабылдайды. Жаттығу барысында бала өздігінен шыңдала береді. Әрі қарай жаттықтырушы оның осал, мықты тұстарын анықтап, кешенді жаттығулар жасатып отырады. Негізі кез келген жаста айналысуға болады. Өзіңе ұнаған, ыңғайлы түрін таңдап, дәрігер қарауынан өтіп, жаттығуға кірісе бер. Аса қатал талап жоқ.
Үш қарғып секірумен әуесқойлар айналыса ала ма? Үш қарғып секіру – әуесқойдан гөрі кәсіби дисциплина. Себебі оның техникалық орындалуы өте күрделі. Жеңіл атлетикада мұндай күрделі спорттар көп. Үш қарғып секіруге техникалық шеберлік, мығым дайындық керек. Бұған біраз жыл керек. Жаттықтырушысыз дайындалуға бола ма? Әлбетте, болады. Бірақ оның да өз қиындығы бар. Одан да физикалық салмақты қадағалайтын, жаттығу кезінде қателерді айтып отыратын маманның көмегіне жүгінген жөн. Жаттықтырушымен жаттыққан әлдеқайда жеңіл. Белгілі бір нәтижеге жеткіңіз келсе, жаттықтырушымен бірге оған тез жететініңіз белгілі. Ал егер өз денсаулығыңыз бен бабыңыз үшін айналысамын десеңіз, мархабат. Неге жалғыз жаттықпасқа? Жеңіл атлетиканың бұқаралық сипаты қалай дамып келеді? Бұл сұраққа Өскемендегі арнайы балалар спорт мектебі негізінде жауап бере аламын. Қазір балаларын секцияларға шын көңілмен әкеледі. Балалар саны көп. Кейде ата-аналарға заң бойынша тек 8-9 жастан бастап аламыз деп ескертіп, кері қайтарып жатамыз. Спортшылар саны көбейіп келеді. Тиісінше оның бұқаралық сипаты да дамып келеді. Кросс, жартылай марафон, толық марафондардың көбейгені де қуантпай қоймайды.
Айта кетейік, Vesti.kz сайты "Живи спортом" жобасын бастаған болатын. Негізгі мақсат – елімізде бұқаралық спортты дамыту әрі насихаттау. Әр шығарылымда көпшілік айналысуға ыңғайлы спорт түрі жайлы жазатын болады. Сарапшылар ретінде танымал чемпиондар, жетістік шыңын бағындырған әуесқой спортшылар да таңдалады. "Живи спортом" жобасы ERG компаниясының қолдауымен өтіп жатыр.
https://kaz.tengrinews.kz
20 маусым 2019 ж. 767 0