UFC-де тұңғыш рет қазақстандық файтер өнер көрсетеді

24 жастағы Рахмонов ММА-де 12 жекпе-жек өткізіп, бәрін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ол кәсіби дебютін 2014 жылы қарашада бастаған. Биыл наурызда жартылай орта салмақта M-1 Global чемпионы белбеуін иеленген еді, ал маусымда оны қорғап қалған болатын. UFC-де қазақстандық файтер қыз да болуы мүмкін еді. Бірақ Мария Агапова Лас-Вегастағы Dana White's Tuesday Night Contender Series турнирінде америкалық Трэйси Кортеспен UFC келісімшартын сарапқа салып, төрешілер шешімімен жеңіліп қалған.