Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұр-Сұлтандағы ММА M-1 Challenge 102 турнирінде үш бірдей чемпиондық жекпе-жек өтеді

Нұр-Сұлтандағы ММА M-1 Challenge 102 турнирінде үш бірдей чемпиондық жекпе-жек өтеді

28 маусымда Нұр-сұлтан қаласының көпфункционалды "Барыс-Арена" спорт кешенінде аралас жекпе-жектен M-1 Challenge 102  #СенiңЖаңаҚырыңKAZMMА халықаралық турнирі өтеді. Жанкүйерлер турнир аясында Әлем чемпионы атағы үшін өтетін үш бірдей жекпе-жектің куәгері болады. Қазақстан - Бразилия Жартылай орта салмақтағы қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов Алматыда өткен M-1 Challenge турнирінде чемпиондық белбеуді жеңіп алған болатын. Енді ол Нұр-сұлтан қаласында өтетін жаңа турнирде жеңісті жолын жалғау үшін жекпе-жекке шығады. Ол Бразилиядан келген спортшы Тьяго Варежао Ласердамен кездеседі. Қарсыласы осыған дейін 34 жекпе-жекке шығып, 28-де жеңіске жеткен.   АҚШ – Ресей 2017 жылы өткен M-1 Challenge  турнирінде жартылай жеңіл салмақта жанкүйерлердің есінде қалған Виктор Колесников пен Нэйт Ландвери жекпе-жегі болатын. Аса тартысты өткен жекпе-жекте америкалық спортшы жеңіске жеткен. Екі спортшы тағы шайқасқа шығады. Қазақстан - Ресей Бос чемпиондық белбеу үшін күрес жеңіл салмақтағы екі үміткер арасында өтеді. Олардың бірі - жеңіліп көрмеген Александр Осетров. Ол M-1 Challenge рейджінде алты жекпе-жектің бесеуінде жеңіске жеткен. Ал қарсыласы - Сергей Морозов. Ол мансабында бір рет чемпиондық жекпе-жек өткізіп, Мовсар Евлоевты жеңе алмаған еді. Осыдан кейін ол қатарынан үш рет жеңіске жетіп, чемпион атағы үшін өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды. Турнирдің ұйымдастырушылары - М1-Global (Ресей) және "Қазақстанның біріккен ММА федерациялар қауымдастығы" ЗТБ. Аталмыш ұйымды қазақстандық танымал спорт насихаттаушысы Ғалымжан Есенов басқарады, бас директоры – Валихан Тен. Қоғамдық бірлестік каратэ, жекпе-жек, толық қатынасты спорт түрлері және де ММА аралас жекпе-жегі сияқты 4 бағытта дамып келе жатқан Қазақстанның жауынгерлік өнер Қауымдастығының қолдауымен жұмыс істейді (президенті - К.Қ.Мәсімов). ММА Аралас жауынгерлік жекпе-жегі - жекпе-жекте ең тиімді техникаларды, мектептік және жауынгерлік өнер элементтерін байланыстыратын әмбебап спорт түрі болып табылады. Қазақстан Республикасында 2013 жылдың 26 маусымында ресми спорт түрі деп танылды. Турнир бағдарламасында көрермендерді әр елден келген спортшылардың қатысуымен өтетін 13 жекпе-жек күтіп тұр. Жарыс Нұр-сұлтан уақыты бойынша сағат 16:30-да басталады.
07 маусым 2019 ж. 939 0