Толқын Арал аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Головкин мен Деревянченко IBF белдігіне таласуы мүмкін

Головкин мен Деревянченко IBF белдігіне таласуы мүмкін

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақтағы әлем чемпионы мексикалық Сауль Альварестен (52-1-2, 35 КО) титулды алып қойды,

Бұл туралы журналист Майк Коппинджер мәлімдеді. Мұндай шешімнің себебі Альварестің чемпиондыққа міндетті қарсылас украиналық Сергей Деревянченкомен (13-1, 10 KO) жекпе-жек бойынша келісімге келе алмауы болды. 
Альварес белбеуден айырылды, мексикалық бейсенбіге дейін келісімшарт жасасу керек еді. Коппинджердің сөзінше, боксшылардың командалары қаржы жағынан келісе алмаған. 
Ендігіде IBF бос қалған белбеуді Деревянченко мен ең ықтимал қарсылас қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) жекпе-жегінің жеңімпазына тағады деп болжануда. Мәлімет көздерінің ақпаратынша, бұл екі боксшы келісімге келе алады.   
Айта кетейік, Головкин IBF титулынан 2018 жылы ұқсас жағдайда айырылған - Деревянченкомен жұдырықтаспады. 2018 жылы қазанда украиналық бос қалған белбеу үшін америкалық Дэниэл Джейкобспен (35-3, 29 КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңілген. 
Ал биыл мамырда Джейкобс белбеулер біріктірілетін жекпе-жекте WBC (Franchise) және WBA (Super) титулдарына ие Альварестен жеңілді. Осы уақытта Деревянченко іріктеу жекпе-жегінде Джек Кулькайды жеңіп, қайтадан міндетті үміткер атанды.
https://baq.kz
02 тамыз 2019 ж. 235 0