Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресей-Қазақстан матчының билеттері сатылымға түсті

Ресей-Қазақстан матчының билеттері сатылымға түсті

 Еуропа чемпионаты-2020 іріктеу турнирі аясында Ресей мен Қазақстан құрамаларының матчына билеттер сатылымға шықты. Бұл туралы РФ футбол одағының ресми сайтында жазылды.

Ресей мен Қазақстан арасындағы ойын 9 қыркүйекте Мәскеу уақытымен 21:45-те, ал Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен қыркүйектің 9-нан 10-на қараған түні сағат 00:45-те Калининград қаласының «Калининград» стадионында өтеді. 

Билеттер ресми оператор сайтында сатылады. Мәлім етілгендей, бір адамға 4 билеттен ғана беріледі.
https://baq.kz/news/othernews/resey-kazakstan-matchyny-biletteri-satylymga-tusti-/
09 тамыз 2019 ж. 582 0