"Мен Қазақстаннанмын, бұл Ресей емес!", - Головкин америкалық журналистерге

Шоудың жүргізушілері Головкиннің ресейлік боксшылар туралы пікірін білуге тырысты, бірақ қазақстандық басқа елден келгенін айтты.
- Ресейлік боксшылар - мықты. Өте мықты.
- Кім? Маған атаңыз? Ешкім білмейді, - деді Головкин.
- Біз сенен сұрағымыз келді.
- Мен Ресейден емеспін.
- Қазақстаннан, окей.
- Бұл Ресей емес! - Бұрын бұл Кеңес Одағы болды.
- Көп уақыт бұрын, иә.
Естеріңізге сала кетейік, қазір Головкин украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағы үшін кездесуге дайындалып жатыр. Кездесу 5 қазанда өтеді және Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында бокс кешінің басты оқиғасы болады, ал АҚШ-та оны DAZN стриминг сервисі көрсетеді.
https://kaz.tengrinews.kz/boxing/men-kazakstannanmyin-bul-resey-emes-golovkin-amerikalyik-300683/