Головкин әлем чемпионы титулы үшін барлық талапқа келісті

Кездесу 5 қазанда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтеді, ал АҚШ-та оны DAZN стриминг сервисі трансляциялайды. Мәміле аяқталуға жақын қалды.
"Дереккөз: GGG 5 қазанда MSG аренасында Деревянченкомен жекпе-жек өткізу үшін барлық талапқа келісті. Деревянченконың кеңесшілері Кит Коннолли және Эл Хэймон келісімшартқа әлі қол қоймады, бірақ ол жүзеге асса, Головкинге IBF титулын қайтаруға мүмкіндік туады", - деп жазды Коппинджер.
Бұған дейін Головкин мен Деревянченконың жекпе-жегінің уақыты осы аптада мәлім болатыны хабарланған. Сондай-ақ, украиналық спортшының гонорары да айтылды, бұл тек ол үшін емес, оның еліндегі боксшылары алмаған рекорд қаражат болайын деп тұр.