"Тұтқындау керек": Төрешілердің Головкинді жығып бергені жайлы айғақ шықты

Атап айтқанда, сарапшы екінші жекпе-жектің соңында Головкин үстем болғанына қарамастан, төрешілер жеңісті "Канелоға" бергенін еске түсірді.
"Мен рематчтың 12-раундын қайта көріп шықтым. Жеңісті "Канелоға" берген екі төрешіні тұтқындау керек. Олар "Канело" қарсыласының басына соққы жасағанда ұпай берген, бірақ соққы GGG-дің қолғабына тиген", - дейді Панахи.
Екінші жекпе-жек төрешілердің шешімімен Альварестің жеңісімен аяқталды. Алғашқы жекпе-жекте боксшылар тең түскен болатын.