Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қуғын-сүргін құрбандарының деректер базасы іске қосылады

Қуғын-сүргін құрбандарының деректер базасы іске қосылады

Саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы деректер базасы бар "Мемориал" Онлайн-сервисі жақында ҚР ІІМ жаңа порталында жұмыс істейді. 

Бұл әлеуметтік маңызды сервис ІІМ ведомстволық веб-сайтында қуғын-сүргінге ұшыраған адамдар және оларды ақтау туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін құрылды. "Мемориал" ақпараттың үлкен көлемін қамтиды. Мұнда саяси тұтқындар мен олардың отбасы мүшелеріне қатысты жалпы саны 109 мың 186 іс бар. 
Тек 2019 жылы ғана ІІО мұрағаттарына "Мемориал" сервисі арқылы қуғын-сүргінге ұшырағандардың туысқандарынан, зерттеушілерден, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардан 2000-нан астам өтініш келіп түсті.
Ақталған азаматтар немесе олардың өкілдері, ол азаматтар қайтыс болған жағдайда туыстары қылмыстық істердегі процессуалдық емес құжаттармен танысуға, сондай-ақ осы істерде сақталған қолжазбаларды, фотосуреттерді және басқа да жеке құжаттарды не олардың көшірмелерін алуға құқылы. 
"Мемориал" сервисі бірнеше халықаралық сұраныстар бойынша ақпаратты қалпына келтіруге көмектесті. ІІМ мұрағатына Қырым автономиялық республикасынан өтініш келіп түсті, Қырым татарларына қатысты 34 қылмыстық іс табылды. Мұрағат қызметкерлері РФ ЧИАР "Ингушетия тірегі" қоғамдық қозғалысының сұранысына жауап ретінде Шешен және Ингуш ұлттарының өкілдеріне жүргізілген 790 қылмыстық істі көтерді. Сондай-ақ, қуғын-сүргінге ұшыраған Еврей ұлтының өкілдеріне қатысты істерді іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 800 мұрағаттық қылмыстық іс табылды.
baq.kz/
30 мамыр 2020 ж. 1 431 0