Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызықты тарих, ерекше марапат: Нобель сыйлығы туралы не білеміз?

Қызықты тарих, ерекше марапат: Нобель сыйлығы туралы не білеміз?

Бүгінде әлемдік жаһандану, даму қарқынды жүріп келеді. Уақыт өткен сайын түрлі жаңалықтар ашылып, жаңа заман, жаңа дәуірге минуттап қадам басудамыз. Осыған орай марапаттар түрі де артып келеді. Сан саланың үздіктерін анықтап, олардың еңбегін бағалау үшін Оскар, Алтын глобус, Грэмми сынды әлемдік деңгейдегі беделді марапаттар бар. Бүгін осылардың ішіндегі ең жоғарғы дәрежелі Нобель сыйлығы туралы сөз қозғамақпыз.
Нобель сыйлығы – жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеулер, революциялық жаңалықтар және мәдениет немесе қоғам дамуына үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең танымалы. Сыйлықты ұйымдастырушы Альфред Нобель 1833 жылы Стокгольмдағы Швед-Норвег ауылында, инженерлер отбасында дүниеге келген. Өзі жастайынан химик, инженер және өнертапқыш ретінде көзге түскен. Өмірінің соңына дейін қару-жарақ жасаумен айналысқан және 355 жаңа жарылғыш заттар ойлап тапқан. Олардың ішіндегі ең танымалы – динамит. Тау-кен өндірісі кезінде әлі күнге дейін қолданылып келеді.
1988 жылы Альфред Нобель «тірілей көміледі». Канн қаласында Нобельдің ағасы Людвиг қаза табады. Ертеңіне журналистер қателесіп, Альфред Нобельдің қайтыс болғаны туралы хабар жариялайды. Газет беттерінде «Қанға батқан миллионер, динамит атасы» атанған Нобель бұдан қатты әсер алады. Өзі өмірден өткен соң халықтың есінде қатыгез жан ретінде қалудан қорқады. Осылайша 1889 жылы дүниежүзілік бейбітшілік конгресіне қатысады және өз мұрасының өсиетнамасын өзгертуге шешім қабылдайды. 1986 жылы жүрек қан тамырлары ауруынан дүниеден озған Нобельдің қалдырған хаты араға бір жыл салып жарияланады.
15 сәуір 2023 ж. 12 864 0